
Қазақстан хоккей федерациясы 2025–2026 жылғы маусымдағы ел чемпионатының жаңа форматын таныстырды. Жаңа маусым 10 команда қатысатын үш кезеңнен тұрады.
Чемпионатқа қатысатын командалар:
- «Ақтөбе»
- «Алматы»
- «Арлан»
- «Бейбарыс»
- «Горняк»
- «Ертіс»
- «Құлагер»
- «Номад»
- «Сарыарқа»
- «Торпедо»
Маусым кестесі Қазақстан құрамалары қатысатын Азия чемпионаты, халықаралық турнирлер мен әлем чемпионаттарын ескере отырып құрылған.
Бірінші кезең (7 қыркүйек – 23 желтоқсан)
- Барлық командалар бір-бірімен төрт кездесуден өткізеді: екі ойын өз алаңында, екеуі сырт алаңда.
- Жалпы есеппен әр команда 36 матч ойнайды.
- Ашылу матчы – 7 қыркүйек:
- «Арлан» – «Торпедо» (Көкшетау)
- «Құлагер» – «Ертіс» (Петропавл)
- 8 қыркүйек: «Сарыарқа» – «Номад», «Алматы» – «Горняк»
- 12 қыркүйек: «Ақтөбе» сырт алаңда «Алматы» және «Номадпен» ойнайды
Екінші кезең
- Командалар бірінші кезеңнің нәтижесіне байланысты бөлінеді.
- Алғашқы бес орын алған клубтарға көп матчты өз алаңында өткізуге мүмкіндік беріледі.
- Осы кезеңді қоса есептегенде әр команда 54 матч өткізеді.
Үшінші кезең – Плей-офф (14 ақпаннан бастап)
- Үздік 8 команда плей-оффқа жолдама алады.
- Барлық сериялар төрт жеңіске дейін ойналады.
- Финалдың шешуші (жетінші) матчы – 17 сәуірге жоспарланған.
Қола медаль үшін матчтар
- Биылғы маусымда үшінші орын үшін серия енгізілді.
- Кездесулер үш жеңіске дейін ойналады.
- Қажет болған жағдайда, ойындар 29 наурыз бен 9 сәуір аралығында өтеді.