Астанада өтетін Kazakhstan Open турниріне 750-ден астам таеквондошы қатысады

14–16 тамыз аралығында Астанада таэквондодан (WT) халықаралық рейтингтік Kazakhstan Open 2025 турнирі өтеді. Бұл туралы жарысты ұйымдастырушылар мәлім етті.
Федерацияның баспасөз қызметі хабарлағандай, қазіргі уақытта 750-ден астам спортшы қатысатынын ресми түрде растаған.
Турнирге келесі елдерден келген спортшылар қатысады:
Ауғанстан, Армения, Канада, Франция, Үндістан, Иран, Қазақстан, Кувейт, Қырғызстан, Оман, Люксембург, Марокко, Непал, Пәкістан, Палестина, Қытай, Сауд Арабиясы, Түркия, Тунис, БАӘ, АҚШ және бейтарап мәртебеде қатысушы елдер.
Жүлделер үш жас санаты бойынша сарапқа салынады:
-
Жасөспірімдер
-
Жастар
-
Ересектер
Kazakhstan Open 2025 турнирі жаңартылған халықаралық ережелерге сәйкес, KPNP K-2 жүйесі бойынша ұйымдастырылады. Қазақстанда алғаш рет KPNP компаниясының жаңа электронды қолғаптары қолданылады. Бұл технология спортшылардың соққыларын дәл тіркеуге мүмкіндік береді.
Жарыс Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтеді.
Kazakhstan Open – еліміздегі ең беделді және халықаралық деңгейдегі маңызды таэквондо додаларының бірі саналады.