Спорт Министрі | 2025 жылғы Дүниежүзілік ойындар: Қазақстан делегациясы спортшылар қалашығына барды
ТРЕНДТЕ

2025 жылғы Дүниежүзілік ойындар: Қазақстан делегациясы спортшылар қалашығына барды

7–17 тамыз аралығында Қытайдың Чэнду қаласында өтетін 2025 жылғы Дүниежүзілік ойындар қарсаңында Қазақстан делегациясы спортшылар қалашығына барып, ұлттық құрама мүшелерімен кездесті.

Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің бас хатшысы Әлімжан Ақаев пен ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясы директорының орынбасары Есет Байтасов құраманың тұру жағдайымен танысып, дайындық барысын бақылап шықты.

Кездесу барысында Әлімжан Ақаев спортшыларға сәттілік тілеп, спорттық этика мен олимпиадалық құндылықтарды сақтау маңызын атап өтті.

«Дүниежүзілік ойындар – халықаралық спорттық ынтымақтастықты нығайтудың маңызды алаңы. Біздің спортшылар әділ бәсеке мен өзара құрмет рухында жоғары нәтижеге қол жеткізетініне сенеміз», — деді ол.

Сонымен қатар, делегация мүшелері спортшылардың тұрмыс-тіршілігіне қатысты ұйымдастырушылық мәселелерді талқылады.

Чэнду–2025 Дүниежүзілік ойындарында Қазақстан атынан 30-дан астам спортшы қатысады. Олар келесі спорт түрлерінен ел намысын қорғайды:

  • Джиу-джитсу
  • Каратэ
  • Самбо
  • Муай-тай
  • Акробатикалық гимнастика
  • Құзға өрмелеу
  • Садақ ату
  • Ушу

Аталған додаға әлемнің 114 елінен 4 000-нан астам спортшы қатысады. Қазақстан құрамасы бұл аламанда да жоғары нәтиже көрсетуге ниетті.

Басқа жаңалықтар

Back to top button