КҮРЕС
Қазақстандық балуандар Грекияда өткен жасөспірімдер әлем чемпионатында 11 медаль жеңіп алды

Афинада (Грекия) күрес түрлерінен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты аяқталды. Бұл дүбірлі додада Қазақстан құрамасы 11 медаль иеленіп, табысты нәтиже көрсетті.
Грек-рим күресі:
- Жанажол Қуанышбек (45 кг дейін) – алтын медаль
- Нұрдәулет Құмарұлы (48 кг дейін) – күміс медаль
- Нұралы Асқар (55 кг дейін) – күміс медаль
- Шамиль Досбол (65 кг дейін) – қола медаль
- Марлен Мейірбекұлы (71 кг дейін) – қола медаль
Қыздар күресі:
- Мадхия Усманова (57 кг дейін) – алтын медаль
- Інжу Баққожа (40 кг дейін) – қола медаль
- Шаһизада Дәулетжан (69 кг дейін) – қола медаль
Еркін күрес:
- Данаэль Абдықаcым (51 кг дейін) – қола медаль
- Бекасыл Асамбек (60 кг дейін) – қола медаль
- Дінмұхамед Қасымбек (80 кг дейін) – қола медаль
Жас спортшыларымыздың бұл жетістігі — болашақ чемпиондар буынының қалыптасып келе жатқанын көрсетеді.