Спорт Министрі | Қазақстандықтар Чехиядағы тоғызқұмалақтан халықаралық жарыста жүлдегер атанды
ҰЛТТЫҚ СПОРТ

Қазақстандықтар Чехиядағы тоғызқұмалақтан халықаралық жарыста жүлдегер атанды

Чехияның Пардубице қаласында өткен тоғызқұмалақтан әлем чемпионаты және әлем кубогында қазақстандық спортшылар табысты өнер көрсетті.

Ернұр Қарығұл ересектер арасындағы блиц-турнирде күміс медаль иеленсе, Әділхан Төлегенов 21 жасқа дейінгі жастар арасындағы әлем чемпионатында қола жүлдеге қол жеткізді.

Аталған жарыстарға Қазақстанмен бірге Чехия, Румыния, Түркия, Қырғызстан, Венгрия, Польша, Австрия, Словакия, Молдова, Болгария, Сербия, Оңтүстік Корея, АҚШ және Украинадан спортшылар қатысты.

Қазақстандық ойыншылардың бұл жетістігі ұлттық ойынды халықаралық аренада кеңінен насихаттауға үлкен үлес қосып отыр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button