ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКА
Қазақстандық жеңіл атлеттер Қосанов мемориалында 34 медаль жеңіп алды

Алматыда өткен дәстүрлі халықаралық жарыс — Ғұсман Қосановты еске алу мемориалы өз мәресіне жетті. Жеңіл атлетикадан ұйымдастырылған байрақты бәсекеде Қазақстан құрамасы 34 медаль жеңіп алды: 6 алтын, 12 күміс және 16 қола.
Алтын медаль иегерлері:
- Юлия Башманова — 100 м кедергілермен жүгіру
- Полина Иванова — сырықпен секіру
- Александра Залюбовская — 400 м
- Надежда Дубовицкая — биіктікке секіру
- Иван Товченик — сырықпен секіру
- Қазақстан құрамасы — 4×400 м аралас эстафета
Күміс жүлде иегерлері:
- Ирина Конищева — 100 м кедергілермен жүгіру
- Анна Черкашина — сырықпен секіру
- Артур Гафнер — найза лақтыру
- Мария Ефремова — үш қарғып секіру
- Александра Залюбовская — 200 м
- Аделина Земс — 400 м кедергілермен
- Әділ Омарбеков — 400 м кедергілермен
- Ақбілек Құралбай — 1500 м
- Давид Ефремов — 110 м кедергілермен
- Виктория Ан — 100 м
- Қазақстан құрамасы (ерлер және әйелдер) — 4×100 м эстафета
Қола медаль иегерлері:
- Алина Чистякова — 100 м кедергілермен
- Антон Боднар — биіктікке секіру
- Диана Гейнц — найза лақтыру
- Евгения Красаева — 800 м
- Никита Изотов — 800 м
- Евгений Прокудин — 110 м кедергілермен
- Ақбілек Құралбай — 5000 м
- Игорь Хрунин — 1500 м және 5000 м
- Иван Иванов — ядро серпу
- Евгений Лабутов — диск лақтыру
- Надежда Богданова — ядро серпу
- Виталий Земс — 200 м
- Эльнор Мухитдинов — 400 м
- Виктория Ан — 200 м
- Қазақстан әйелдер құрамасы (екінші команда) — 4×100 м эстафета
Айта кетейік, Қосанов мемориалы — World Athletics Continental Tour Bronze Level сериясына кіретін, халықаралық маусымдағы маңызды турнирлердің бірі.