Жәния Бекмұхамбетова ITTF World Hopes Week and Challenge турниріне іріктеу жарысының жартылай финалына дейін жетті

Бұл жиынға үстел теннисі бойынша Иран, Үндістан, Қазақстан, Лаос, Малайзия, Мальдив, Сингапур, Таиланд, Шри-Ланка және Жапония елдерінің жас спортшылары қатысты.
Соңғы екі күнде іріктеу турнирі өтіп, финалға шыққан спортшылар әлемдік ITTF World Hopes Week and Challenge турниріне жолдама алды.
Жәния Бекмұхамбетова жеті теннисшіден тұратын кіші топта екінші орын алып, жартылай финалға өтті. Нәтижесінде төртінші орынға ие болды.
Қыздар арасында бірінші орынды жапониялық Каэде Нэя иеленіп, әлемдік Hopes турниріне жолдама алды. Екінші орынды малайзиялық Ван Суан Ён жеңіп алып, ол да жолдамаға ие болды.
Ұлдар арасында бірінші орынға ирандық Ясин Шоаритехрани, ал екінші орынға жапониялық Рику Таруи тұрақтап, екеуі де әлемдік Hopes турниріне қатысу құқығына ие болды.
Олег Яковлев (Қазақстан) оныншы орынға ие болды.