Спорт Министрі | Бекасыл Асамбек – еркін күрестен әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
КҮРЕСТРЕНДТЕ

Бекасыл Асамбек – еркін күрестен әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

Грекия астанасы Афиныда өтіп жатқан U17 жасөспірімдер арасындағы еркін күрестен әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының мүшесі Бекасыл Асамбек жүлдегер атанды.

60 келі салмақта белдескен Асамбек қола медаль үшін өткен кездесуде ирандық Ариан Мехрализадемен күш сынасты. Жекпе-жек барысында қазақстандық балуан айқын басымдық көрсетіп, қарсыласын 9:0 есебімен таза жеңді.

Осылайша, Бекасыл Асамбек әлем біріншілігінің қола жүлдесін жеңіп алып, Қазақстан құрамасының қоржынына тағы бір медаль салды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button