КҮРЕС
Қазақстандық балуандар Польшадағы турнирде тағы екі медаль жеңіп алды

Жерлестеріміз 63 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде екі медальға қол жеткізді.
Бақытжан Қабдыл финалға дейін жетіп, шешуші белдесуде Қырғызстан спортшысы Жоламан Шаршенбековке есе жіберіп, күміс жүлдегер атанды.
Ал Сайфулла Құрман жарысты қола жүлдемен аяқтады.
Айта кетейік, бұған дейін Диас Қалтай (82 келіге дейін) мен Ерзат Ерланов (97 келіге дейін) үшінші орынға ие болған еді.