
Грекия астанасы Афиныда өткен грек-рим күресінен 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионаты өз мәресіне жетті.
Қазақстандық балуандар жарысты табысты аяқтап, жалпы есепте үшінші орынға ие болды. Байрақты бәсекеде еліміздің жас спортшылары 1 алтын, 2 күміс және 1 қола медаль еншіледі.
Жеңімпаздар тізімі:
- 🥇 Қуанышбек Жаңажол — алтын медаль (45 кг)
- 🥈 Нұрдәулет Құмарұлы — күміс медаль (48 кг)
- 🥈 Нұрәли Асқар — күміс медаль (55 кг)
- 🥉 Досбол Шамил — қола медаль (65 кг)
Жас спортшылардың бұл жетістігіне «Күрес түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК-ның жаттықтырушылар құрамы зор үлес қосты. Команданың аға жаттықтырушысы — Асхат Жаңбыров, жаттықтырушы — Жарқын Тұрсынов.
Қазақстан құрамасы аталған нәтижемен Әлем чемпионатының жалпыкомандалық рейтингінде үшінші орынды иеленді.