
Футболдан УЕФА Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңінде «Астана» сырт алаңда Молдованың «Зимбру» клубын 2:0 есебімен жеңіп, келесі кезеңге өтті. Бірінші матч 1:1 есебімен тең аяқталған еді.
Ойынның алғашқы бөлігінде-ақ елордалық команда басымдыққа ие болды. 18-минутта Чиди Чинеду есеп ашса, үш минуттан кейін Алиу Камара таблодағы көрсеткішті 2:0-ге жеткізді.
Енді үшінші іріктеу кезеңінде «Астана» Солтүстік Македонияның «Вардар» немесе Швейцарияның «Лозанна» клубының бірімен кездеседі. Бұл жұптың алғашқы ойынында швейцариялық команда 2:0 есебімен жеңіске жеткен.