БАСҚАЛАРЫ
Қазақстан құрамасы семсерлесуден әлем чемпионатының жартылай финалына шықты

Семсер қаруымен айқасудың ширек финалында отандастарымыз Италия құрамасынан басым түсті.
Тартысты өткен кездесуде қазақстандықтар 45:43 есебімен жеңіске жетті.
Айта кетейік, 1/8 финалда Қазақстан құрамасы Қытайды, ал 1/16 финалда Ресей құрамасын жеңген болатын.
Жартылай финалда жерлестеріміз Жапониямен кездеседі.