Спорт Министрі | Сингапурда Қазақстан мен Моңғолия ҰОК басшылығының кездесуі өтті
БАСҚАЛАРЫ

Сингапурда Қазақстан мен Моңғолия ҰОК басшылығының кездесуі өтті

28 шілдеде Сингапурда өтіп жатқан су спорт түрлері бойынша әлем чемпионаты аясында Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Геннадий Головкин мен Моңғолия Ұлттық Олимпиадалық комитетінің басшысы Батушиг Батболдтың жұмыс кездесуі өтті.

Айта кетейік, Батушиг Батболд — Халықаралық Олимпиадалық комитетінің (ХОК) мүшесі және Азия Олимпиадалық кеңесінің (АОК) мәдениет және білім жөніндегі комиссиясының төрағасы.

Сингапурдағы кездесуде тараптар екі елдің Олимпиадалық комитеттері арасындағы ынтымақтастықты дамытуға қатысты бірқатар мәселені талқылады. Атап айтқанда, бірлескен жарыстар өткізу, спортшыларды дайындауда кәсіби тәжірибе алмасу, сондай-ақ Олимпиадалық қозғалыс аясындағы білім беру бастамаларын жүзеге асыру арқылы екіжақты серіктестікті тереңдету мүмкіндіктері қарастырылды.

Моңғолия тарапы биылғы қыркүйек айында Қазақстанға сапармен келуге қызығушылық білдірді. Жоспар бойынша делегация Алматы және Астана қалаларындағы негізгі спорттық нысандарды аралап, алдағы уақытта Моңғолияда осындай кешендерді салу кезінде қазақстандық тәжірибені қолдануды көздеп отыр.

Кездесу соңында тараптар Олимпиадалық қозғалыстың ортақ құндылықтарын ілгерілету, халықаралық ынтымақтастықты нығайту және спорттық инфрақұрылымды дамытуға бағытталған жобаларды бірлесіп жүзеге асыру үшін серіктестікті жалғастыруға ниетті екенін растады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button