БАСҚАЛАРЫ
Қазақстан семсерлесуден әлем чемпионатының ширек финалына шығу үшін бақ сынайды

29 шілдеде семсер қаруымен айқасудан командалық жарыстар өтуде.
Қазақстан құрамасы әлем чемпионатын 1/16 финал кезеңінен бастады. Бұл кезеңде біздің спортшылар Ресей командасымен кездесіп, жеңіске жетті.
Кирилл Проходов, Руслан Курбанов, Вадим Шарлаимов және Эльмир Әлімжанов қарсыластарын 45:35 есебімен ұтты.
Келесі айналымда қазақстандық семсерлесушілер Қытай құрамасымен кездеседі.