Спорт Министрі | Жүзуден әлем чемпионаты: қазақстандықтардың нәтижелері
БАСҚАЛАРЫ

Жүзуден әлем чемпионаты: қазақстандықтардың нәтижелері

Сингапурда өтіп жатқан су спорт түрлерінен әлем чемпионатында жүзу жарыстары жалғасуда.

Іріктеу кезеңдерінде Қазақстан құрамасының үш өкілі бақ сынады. Алайда олардың ешқайсысы келесі айналымға өте алмады.

100 метрге арқамен жүзуде Ксения Игнатова 30-орын алды. Ал 100 метрге брасс әдісімен жүзуде Аделаида Пчелинцева 50-орынмен шектелді.

Арсен Қожахметов 50 метрге брасс әдісімен жүзуде жарысты 42-орынмен аяқтады.

Айта кетейік, бұған дейін 50 метрге баттерфляй әдісімен жүзуде Әділбек Мусин Қазақстан рекордын жаңартқан болатын.

Басқа жаңалықтар

Back to top button