БАСҚАЛАРЫ
Гимнаст Айбота Ертайқызы Румынияда өткен Challenge Cup кезеңінде төртінші орын алды

Спортшы таспамен орындалатын жаттығуда төртінші нәтижені көрсетті. Финалда Айбота 26,850 ұпай жинады.
Бұл жаттығу түрінде алтын жүлдені Украина өкілі Таисия Онофрийчук жеңіп алды – 29,050 ұпай.
Күміс жүлде америкалық Рин Кизге бұйырды – 28,050 ұпай. Ал қола медальді Израиль гимнасты Мейталь Мааян Сумкин иеленді – 27,650 ұпай.