Спорт Министрі | Семсерлесуші Руслан Курбанов Тбилисиде өтіп жатқан әлем чемпионатының 1/8 финалына шықты
БАСҚАЛАРЫ

Семсерлесуші Руслан Курбанов Тбилисиде өтіп жатқан әлем чемпионатының 1/8 финалына шықты

Семсерлесуден Грузия астанасы Тбилисиде өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының өкілі Руслан Курбанов 1/8 финалға жолдама алды.1/16 финал кезеңіне дейін екі қазақстандық спортшы жетті. Алайда бұл кезеңде Вадим Шарлаимов бельгиялық Нейсер Лойолаға 8:15 есебімен есе жіберді.

Ал Руслан Курбанов украиналық Роман Свичкардан 10:9 есебімен басым түсті.

Ширек финал жолдамасы үшін өткен кездесуде қазақстандық спортшы Беларусь өкілі Марк Семоненкомен кездесетін болады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button