Спорт Министрі | Қазақстанда спорттың 146 түрі бойынша жарыстарға қатысудың ең төменгі жасы бекітілді
ТРЕНДТЕ

Қазақстанда спорттың 146 түрі бойынша жарыстарға қатысудың ең төменгі жасы бекітілді

Қазақстанда Туризм және спорт министрінің бұйрығымен спорттың 146 түрі бойынша ресми жарыстарға қатысудың ең төменгі жасы анықталды.

Олимпиадалық спорт түрлері үшін жас шектеуі мынадай:

  • Академиялық есу – 10 жас
  • Көркем жүзу – 7 жас
  • Бадминтон – 6 жас
  • Баскетбол – 8 жас
  • Батут гимнастикасы – 5 жас
  • Бокс – 13 жас
  • Велоспорт – 13 жас
  • Велотрек – 13 жас
  • Еркін күрес – 10 жас
  • Гольф – 8 жас
  • Ат спорты – 12 жас
  • Жеңіл атлетика – 9 жас
  • Үстел теннисі – 7 жас
  • Жүзу – 7 жас
  • Оқ ату – 12 жас
  • Скейтбординг – 9 жас
  • Спорттық гимнастика – 5 жас
  • Құзға өрмелеу – 6 жас
  • Сноуборд – 7 жас
  • Тау шаңғысы – 7 жас
  • Футбол – 8 жас
  • Шайбалы хоккей – 8 жас

Бұл бұйрық биылғы 1 тамыздан бастап күшіне енеді.

Министрлік өкілдерінің айтуынша, жас мөлшерін нақтылау балалар мен жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, спорттық дайындықты жүйелі түрде жүргізуге мүмкіндік береді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button