Спорт Министрі | Асу Алмабаев UFC-дегі бесінші жеңісіне қол жеткізді
ММАТРЕНДТЕ

Асу Алмабаев UFC-дегі бесінші жеңісіне қол жеткізді

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Асу Алмабаев (21-3) Абу-Дабиде (БАӘ) өткен UFC on ABC 9 турнирінде кезекті жекпе-жегін өткізді.

Алмабаев наилегчай салмақта перулік Хосе Очоамен (8-1) үш раундқа жоспарланған жекпе-жекте кездесті. Тартысты өткен айқас қазақстандық спортшының бірауыздан шыққан төрешілер шешімімен жеңісімен аяқталды.

Бұл – Асудың кәсіби мансабындағы 22-ші жеңісі. Ал Хосе Очоа профи-ММА-дегі екінші рет жеңіліп отыр. Осылайша Алмабаевтың UFC-дегі рекорды 5-1 болды. Айта кетсек, ол жалғыз жеңілісін өткен жекпе-жекте Ангола спортшысы Манел Капеден (21-7) үшінші раундта нокаутпен ұтылған кезде тіркеген еді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button