
Алматыда өтіп жатқан үстел теннисінен WTT Youth Contender Almaty халықаралық турнирінде Қазақстан құрамасы кезекті жарыс күнінде үш бірдей медаль жеңіп алды.
Барлық жүлде қола медаль болды.
- Қыздар арасындағы U13 санатында Жәния Бекмұхамбетова финалға шығу үшін Тайбэйден келген Ляо Юй Цзинмен кездесіп, 0:3 есебімен ұтылды.
- Сол жас санатында Арайлым Сапабек жартылай финалда ресейлік Элеонора Ширяеваға қарсы 2:3 есебімен есе жіберді.
- Ал ұлдар арасындағы U13 санатында Нұрдәулет Азаматұлы жартылай финалда ресейлік Матвей Мананковпен өткен тартысты матчта 2:3 есебімен жеңіліп, қолаға ие болды.
Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржынына WTT Youth Contender турнирінің үшінші күнінде үш қола медаль түсті.