БАСҚАЛАРЫ

Қазақстандық семсерлесушілер әлем чемпионатының үшінші күнінде іріктеуден өтті

Грузия астанасы Тбилисиде өтіп жатқан семсерлесуден әлем чемпионатының үшінші күнінде қазақстандық спортшылар қылыш және рапира қаруымен айқасты.

Қылыш қаруымен айқас:

  • Қазақстан атынан Артем Саркисян, Назарбай Саттархан, Бақдәулет Құралбекұлы және Жанат Нәбиев бақ сынады.
  • Жарыстың негізгі кезеңіне Артем Саркисян мен Бақдәулет Құралбекұлы өтті.
  • Жанат Нәбиев 68-орынмен, ал Назарбай Саттархан 97-орынмен жарысты аяқтады.

Рапира қаруымен айқас (әйелдер):

  • София Актаева жарыстың негізгі бөліміне жолдама алды.
  • Алена Гноева 75-орынға, Күлжан Түсіпбекова 107-орынға, Алина Искандерова 130-орынға тұрақтады.

Қазақстандықтар келесі кезеңде өз өнерін жалғастырады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button