Спорт Министрі | Қазақстан гандболдан Азия чемпионатының қола медалі үшін ойнайды
БАСҚАЛАРЫ

Қазақстан гандболдан Азия чемпионатының қола медалі үшін ойнайды

Қытайдың Цзинганшань қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан қыздар құрамасы финалға шыға алмады.

Жартылай финалда біздің команда Жапония құрамасынан 24:39 есебімен жеңіліп қалды.

Енді 26 шілдеде Қазақстан құрамасы Оңтүстік Кореямен кездесіп, турнирдің қола жүлдесі үшін бақ сынайды. Ал финалда Жапония мен Қытай құрамалары өзара мықтыны анықтайды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button