Спорт Министрі | Қазақстан дзюдошылары Ұлан-Батыр Grand Slam турнирінің алғашқы күнінде жүлдеге іліге алмады
ДЗЮДО

Қазақстан дзюдошылары Ұлан-Батыр Grand Slam турнирінің алғашқы күнінде жүлдеге іліге алмады

Моңғолия астанасы Ұлан-Батырда өтіп жатқан дзюдодан Grand Slam турнирінің бірінші күні Қазақстан құрамасы жүлдесіз қалды.

Бес қазақстандық спортшы татами төріне шыққанымен, финалдық кезеңге тек Бауыржан Нарбаев қана жетті. Ол 66 келіге дейінгі салмақта қола медаль үшін белдесуде моңғолиялық Баттогтох Эрхембаярға жол берді.

Осылайша, турнирдің алғашқы жарыс күнінде ұлттық құрама жеңіс тұғырына көтеріле алған жоқ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button