Моңғолиядағы Grand Slam: қазақстандық дзюдошылардың алғашқы қарсыластары анықталды

25 шілдеде Моңғолия астанасы Ұлан-Батырда дзюдодан әлемнің ең беделді жарыстарының бірі – Grand Slam турнирі басталады.
Жарыс қарсаңындағы жеребе тарту рәсімінде қазақстандық балуандардың алғашқы қарсыластары белгілі болды.
Бұл додаға әлемнің жетекші дзюдошыларының көпшілігі қатыспайды. Әлем чемпионатынан кейін кей спортшылар демалып, қалыпқа келуге көңіл бөлуде. Қатысушылардың аз болуы Қазақстан құрамасының да медаль алу мүмкіндігін арттырады.
Қазақстан құрамасының алғашқы қарсыластары:
Ерлер
- 60 келіге дейін
- Талғат Орынбасар – Сухбат Бямбасурен (Моңғолия) – Чонгун Чой (Оңтүстік Корея) жекпе-жегінің жеңімпазы
- Нұраділ Әлжан – Мехрзод Суфиев (Тәжікстан)
- 66 келіге дейін
- Ержан Еренқайыпов – Есин Бобокалонов (Тәжікстан)
- Бауыржан Нарбаев – Артем Штурбабин (Өзбекстан)
- 73 келіге дейін
- Саят Сейітқалиев – Хвигон Ким (Оңтүстік Корея)
- 81 келіге дейін
- Мейіржан Жұмабек – Гансух Батсугар (Моңғолия)
- 90 келіге дейін
- Ермахан Әнуарбеков – Ганзориг Очирбаль (Моңғолия) – Николоз Давладзе (Грузия) жекпе-жегінің жеңімпазы
Әйелдер
- 52 келіге дейін
- Толғанай Әбеуова – Мухайо Ахматова
Турнирге Қазақстаннан сегіз спортшы қатысады. Бұл жолы негізгі көшбасшылар емес, жас спортшыларға мүмкіндік беріліп отыр. Бапкерлердің басты мақсаты – 2028 жылғы Лос-Анджелес Олимпиадасына сенімді құрам жасақтау.
Grand Slam жарысы 27 шілдеде аяқталады.