Спорт Министрі | Бауыржан Нарбаев Ұлан-Батордағы Grand Slam турнирінде қола жүлде үшін күреседі
ДЗЮДО

Бауыржан Нарбаев Ұлан-Батордағы Grand Slam турнирінде қола жүлде үшін күреседі

25 шілдеде Моңғолия астанасы Ұлан-Батырда дзюдодан Grand Slam сериясындағы ірі халықаралық турнир басталды.

Алғашқы жарыс күнінде Қазақстан құрамасынан финалдық кезеңге тек бір спортшы өтті. Ерлер арасында 66 келіге дейінгі салмақта Бауыржан Нарбаев қола медаль үшін бақ сынайды. Оның қарсыласы — жергілікті балуан Баттогтох Эрхембаяр.

Өкінішке қарай, осы салмақтағы тағы бір спортшымыз Ержан Еренқайыпов алғашқы белдесуінде-ақ жарысты аяқтады. Сондай-ақ 60 келіде Талғат Орынбасар мен Нұраділ Әлжан қарсыластарына жол берді.

Әйелдер арасында 52 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Толғанай Әбеуова жұбаныш белдесуіне дейін жеткенімен, қытайлық Юйхон Яоға есе жіберді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button