Спорт Министрі | WTT Youth Contender Almaty турнирінің алғашқы күні өтті
БАСҚАЛАРЫ

WTT Youth Contender Almaty турнирінің алғашқы күні өтті

Алматыда үстел теннисінен өтіп жатқан WTT Youth Contender Almaty халықаралық турнирінің алғашқы күні аяқталды. Бұл додада Азия, Африка, Америка және Еуропадан келген 235 спортшы сынға түсуде.

Бірінші жарыс күнінде 17 жасқа дейінгі және 13 жасқа дейінгі санаттағы ойыншылар кортқа шықты. Қазақстан атынан бұл санаттарда 44 теннисші өнер көрсетті.

17 жасқа дейін, ұлдар:
Бақдәулет Саурбай 1/16 финалда жарысты аяқтады, ал Нұрислам Қасым 1/8 финалға дейін жетіп, жақсы нәтиже көрсетті.

17 жасқа дейін, қыздар:
Дарья Фу, Нұрсая Нұрман және Мария Лукьянова 1/16 финалдан әрі өте алмады.

13 жасқа дейін, ұлдар мен қыздар:
Медальға таласты жалғастырып жатқан қазақстандықтардың қатарында:
Андрей Мочалкин, Әміржан Сапаралы, Олег Яковлев, Нұрдәулет Азаматұлы, Абылайхан Ермаханұлы, Абай Жұмағұл, Жәния Бекмұхамбетова, Арайлым Сапабек, Шохина Миркодирова, Шодиёна Камилжанова және Томирис Рамазан бар.

Турнирдің келесі күндерінде жас теннисшілер өз санаттарында жүлде үшін күресті жалғастырады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button