ММА
Шавкат Рахмонов UFC турнирінде қазақстандық Асқар Алмабаевқа қолдау көрсетеді

UFC-де жеңіліс көрмеген қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов және оның жаттықтырушысы Эдуард Базров Абу-Дабиде өтетін турнирде Асқар Алмабаевтың қасында болады. Бұл жаңалықты Алмабаев БАӘ астанасында берген сұхбатында растады, ал Базров өз әлеуметтік желісінде мәлімдеме жасады.
26 шілдеде Абу-Дабиде өтетін UFC on ABC 9 турнирінде Асқар Алмабаев перулық Хосе Очоамен негізгі кардта жекпе-жекке шығады. Бұған дейін оның қарсыласы ретінде өзбекстандық Рамазан Темиров бекітілген еді, бірақ ол допинг-тесттен өте алмай, турнирден шеттетілді.