
XXXII Жазғы Дүниежүзілік Универсиадада Қазақстанның әйелдер құрамасы таеквондодан командалық сында үшінші орынға ие болды.
Айша Әділбекқызы, Нұрай Хұсайынова және Мария Севостьянова өнер көрсеткен команда жартылай финалда Оңтүстік Корея құрамасына есе жіберіп, қола жүлдені қанағат тұтты.
Осы медальдан кейін Қазақстан құрамасының қоржынында 1 алтын және 7 қола жүлде бар.
Еске сала кетсек, жазғы Универсиада 16 шілдеде басталып, 27 шілдеге дейін Германияның Рейн-Рур өңірінде өтеді. Байрақты бәсекеде еліміздің намысын 12 спорт түрінен 76 спортшы қорғауда.