Спорт Министрі | Қазақстандық дзюдошылар Универсиадада алғашқы медальдарын жеңіп алды
ДЗЮДОТРЕНДТЕ

Қазақстандық дзюдошылар Универсиадада алғашқы медальдарын жеңіп алды

Германияда өтіп жатқан 2025 жылғы Жазғы Универсиадада Қазақстан құрамасы дзюдодан алғашқы жүлделеріне қол жеткізді.

Сайыстың алғашқы күнінде финалдық кезеңге шыққан екі спортшымыз қола медаль иеленді.

60 келіге дейінгі салмақта Аман Бақытжан шешуші белдесуде грузиялық Лука Модебадзені жеңіп, үшінші орын алды.

66 келіге дейінгі салмақта Нұрқанат Серікбаев украиналық Микита Холобородькодан басым түсіп, Қазақстан қоржынына тағы бір қола медаль салды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button