БАСҚАЛАРЫ
Қазақстан құрамасы әртістік жүзуден финалға шықты

Сингапурда өтіп жатқан су спорты түрлерінен әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы топтық акробатикалық бағдарламаның финалына жолдама алды.
Іріктеу кезеңінде ұлттық команда 190.1238 ұпай жинап, 11-орынмен ақтық сынға өтті.
Қазақстан сапында өнер көрсеткендер: Наргиза Болатова, Виктор Друзин, Ксения Макарова, Арина Мясникова, Жаклин Якимова, Әйгерім Құрманғалиева, Анна Павлецева және Жания Жиенғазы.
Финалдық сайыс 25 шілдеде өтеді.