Спорт Министрі | Нидерланд Корольдігінің елшісі Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінде болды
БАСҚАЛАРЫ

Нидерланд Корольдігінің елшісі Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінде болды

Қазақстандағы Нидерланд Корольдігінің Төтенше және Өкілетті Елшісі Нико Схемерс Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің бас хатшысы Әлімжан Ақаевпен кездесті.

Келіссөз барысында олимпиадалық қозғалыс аясында халықаралық ынтымақтастықты кеңейту жолдары талқыланды. Тараптар спорт мамандары арасындағы тәжірибе алмасу, бірлескен оқу-жаттығу жиындарын өткізу және Қазақстанда өтетін алдағы ірі спорттық іс-шараларға қатысу мәселелеріне назар аударды.

Нико Схемерс Нидерланд тарапынан Қазақстандағы жазғы және қысқы олимпиадалық спорт түрлерін қолдау мен ілгерілетуге қызығушылық бар екенін атап өтті.

Әлімжан Ақаев өз сөзінде:
«Нидерландтың спорт саласындағы әріптестік қатынастарды дамытуға деген ұмтылысын жоғары бағалаймыз. Бұл ынтымақтастық олимпиадалық құндылықтарды нығайтып, қос елдің спортшылары мен бапкерлері үшін жаңа мүмкіндіктер ашады деп сенеміз», – деді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button