Спорт Министрі | Жәнібек Әлімханұлы үш чемпиондық жекпе-жекке көз тігіп отыр
БОКСТРЕНДТЕ

Жәнібек Әлімханұлы үш чемпиондық жекпе-жекке көз тігіп отыр

Қазақстандық WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы келесі басты қарсыластарының есімдерін жариялады.

Боксшы әлеуметтік желісінде үш чемпионның суретін бөлісті: WBC белбеуінің иегері Карлос Адамес, WBA чемпионы Эрисланди Лара және екінші орта салмақта абсолютті чемпион Сауль «Канело» Альварес.

«Бұл – менің басты мақсатым», – деп жазды Жәнібек өз парақшасында.

Бұған дейін «Qazaq Style» Адамеспен жекпе-жекке келісімшартқа қол қойғанын, алайда доминикандық боксшы жауап бермегенін хабарлаған еді. Ал кубалық Ларамен кездесу биыл күзде өтуі мүмкін. Ал жұлдызды мексикалық «Канело» Альвареспен айқасу үшін Жәнібекке салмақ дивизионын өзгертуге тура келеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button