БАСҚАЛАРЫ
Эдуард Ким мен Наргиза Болатова әртістік жүзуден әлем чемпионатында үздік ондыққа енді

Отандастарымыз аралас жұптар арасындағы техникалық бағдарламада үздік ондықтың қатарына енді.
Ким мен Болатова бұл бағдарламада төрешілердің шешімімен 199.8050 ұпай жинап, жетінші орынды иеленді.
Ал бірінші орынды ресейлік спортшылар жеңіп алды. Күміс жүлде Испания құрамасына тиесілі болса, италиялық жұп қола жүлдеге ие болды.