Спорт Министрі | Универсиадада Қазақстан құрамасы алғашқы алтын медальға қол жеткізді
ТАЕКВОНДОТРЕНДТЕ

Универсиадада Қазақстан құрамасы алғашқы алтын медальға қол жеткізді

Германияның Рейн-Рур қаласында өтіп жатқан Дүниежүзілік жазғы Универсиадада Қазақстан құрамасы алғашқы алтын медальға қол жеткізді.

Таэквондодан 67 келі салмақта сынға түскен Самирхон Абабакиров финалда түркиялық Омер Фарук Дайыоглуды 2:0 есебімен сенімді жеңіп, чемпион атанды. Екі раундта да қазақстандық спортшы айқын басымдық танытты.

Бұл – қазақстандық студенттер арасынан алғашқы алтын жүлде. Бұған дейін ұлттық құрама өкілдері 6 рет қола медаль иеленген еді. Қазіргі есеп бойынша Қазақстан 1 алтын және 6 қоламен жалпыкомандалық рейтингте 21-орынға көтерілді.

Жарыстың көшбасында АҚШ тұр, екінші орында Қытай, үшінші орында Оңтүстік Корея. Универсиада 27 шілдеге дейін жалғасады, сондықтан медаль қоржынымыздың толығуына мүмкіндік әлі бар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button