Спорт Министрі | Семсерлесуден әлем чемпионаты: қазақстандықтар алғашқы күнді қалай аяқтады
БАСҚАЛАРЫ

Семсерлесуден әлем чемпионаты: қазақстандықтар алғашқы күнді қалай аяқтады

Грузия астанасы Тбилисиде өтіп жатқан семсерлесуден әлем чемпионатында алғашқы жарыс күні қорытындыланды. Бүгін рапира және семсер қаруымен сайыстар өтті.

Рапирамен айқасқан Қазақстан ерлер құрамасы сапында Ғалым Нұрымов, Тамирлан Қалиев, Тимофей Семенов және Никита Пономарев өнер көрсетті. Тек Никита Пономарев топтық кезеңнен өте алмады, ал қалған спортшылар келесі айналымға шыққанымен, қарсыластарына жол берді. Қорытындысында Тимофей Семенов 74-орын, Тамирлан Қалиев 93-орын, Ғалым Нұрымов 96-орынға тұрақтады.

Ал әйелдер арасында семсер қаруымен өткен бәсекеде София Николайчук 102-орыннан көрінсе, Каролина Фомина 115-орында. Виктория Кайдарова мен Владислава Андреева тиісінше 156 және 157-орындарды иеленді.

Қазақстандық спортшылар келесі күндері шпагамен айқаста бақ сынайды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button