Спорт Министрі | Астана Азия Олимпиадалық кеңесінің Спортшылар форумына дайындықты бастады
БАСҚАЛАРЫ

Астана Азия Олимпиадалық кеңесінің Спортшылар форумына дайындықты бастады

Астанада 2025 жылдың 2-3 қыркүйегінде өтетін Азия Олимпиадалық кеңесінің (АОК) Спортшылар форумы қарсаңында ұйымдастыру жұмыстары пысықталуда. Осы мақсатта АОК делегациясы елордаға арнайы сапармен келді.

Делегация құрамында Ұлттық Олимпиадалық комитеттермен байланыс және даму директоры Виссам Тркмани мен медиа және хабар тарату директоры Дзян Джоу болды. Олар Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің өкілдерімен кездесіп, форумды ұйымдастырудың негізгі мәселелерін талқылады, сонымен қатар іс-шара өтетін алаңдарды аралап көрді.

Ауқымды форумға Азияның 45 елінен ҰОК жанындағы Спортшылар комиссияларының өкілдері, Олимпиада және Азия ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлері, әлем және құрлық біріншіліктерінің жеңімпаздары қатысады. Спикерлер қатарында Халықаралық Олимпиадалық комитет пен АОК сарапшылары болады деп жоспарланған.

Кездесу барысында 2026 жылы Жапонияның Аити және Нагоя қалаларында өтетін жазғы Азия ойындарына дайындық мәселелері де қозғалды.

АОК Спортшылар форумы халықаралық спорт күнтізбесіндегі маңызды шара саналып, Астананың Азиядағы спорттық дипломатия орталығы ретіндегі рөлін одан әрі нығайта түспек.

Басқа жаңалықтар

Back to top button