БАСҚАЛАРЫ
Әртістік жүзу: қазақстандық дуэт әлем чемпионатының финалына өте алмады

Сингапурда өтіп жатқан су спорты түрлерінен әлем чемпионатында 21 шілдеде әртістік жүзуден жұптық сайыстар жалғасын тапты.
Еркін бағдарламада Қазақстан атынан Даяна Джаманчалова мен Ясмин Тұяқова өнер көрсетті. Біздің спортшылар іріктеу кезеңінде 228.2541 ұпай жинап, 13-орынға табан тіреді.
Осылайша қазақстандық дуэт финалға бір ғана қадам жетпей қалды, себебі ақтық сынға тек үздік 12 жұп жолдама алды.