Спорт Министрі | Алматыда үстел теннисінен халықаралық турнир басталды
БАСҚАЛАРЫ

Алматыда үстел теннисінен халықаралық турнир басталды

23 шілдеде Алматыда үстел теннисінен ірі халықаралық WTT Youth Contender турнирі жалауын көтерді.

Байрақты додаға 16 елдің ұлттық құрамасынан келген 235 спортшы қатысуда. Қазақстан жасөспірімдер құрамасы сапында түрлі жас санаттарында 86 теннисші өнер көрсетеді.

Жүлделер мына санаттар бойынша сарапқа салынады:

  • 11 жасқа дейінгі ұлдар мен қыздар – жекелей сын;
  • 13 жасқа дейінгі ұлдар мен қыздар – жекелей сын;
  • 15 жасқа дейінгі жасөспірімдер мен қыздар – жекелей сын;
  • 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер мен қыздар – жекелей сын;
  • 19 жасқа дейінгі жасөспірімдер мен қыздар – жекелей сын;
  • 15 жасқа дейінгі аралас жұптық сын;
  • 19 жасқа дейінгі аралас жұптық сын.

Турнирдің тікелей көрсетілімі Qazsport телеарнасында ұсынылады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button