БАСҚАЛАРЫ

Қазақстан құрамасы көркем гимнастикадан Румыниядағы беделді турнирге қатысады

Қазақстандық көркем гимнастика шеберлері 25-27 шілде аралығында Клуж-Напока (Румыния) қаласында өтетін World Challenge Cup турнирінде өнер көрсетеді. Бұл дода Халықаралық гимнастика федерациясының (FIG) ресми күнтізбесіне енген және оған 42 елден 200-ге жуық спортшы қатысады деп жоспарлануда.

Қазақстан атынан сегіз спортшы сынға түседі. Жекелей бағдарламада Айбота Ертайқызы мен Айым Мейіржанова ел намысын қорғаса, топтық жаттығуларда төмендегі спортшылар өнер көрсетеді:

  • Айда Хәкімжанова
  • Айзере Кеңес
  • Жасмин Жүнісбаева
  • Кристина Чепульская
  • Айзере Нұрмағамбетова
  • Мадина Мырзабай

Еске салайық, Қазақстан құрамасы бұған дейін Сингапурда өткен Азия чемпионатында тамаша нәтиже көрсетіп, топтық және жекелей сында 2 алтын, 1 күміс және 2 қола медаль жеңіп алған еді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button