Спорт Министрі | Бибисара Асаубаева мен Эдгар Мамедов ресми түрде гроссмейстер атанды
БАСҚАЛАРЫТРЕНДТЕ

Бибисара Асаубаева мен Эдгар Мамедов ресми түрде гроссмейстер атанды

Батумиде өткен ФИДЕ Президенттік кеңесінің отырысында бірден екі қазақстандық шахматшыға гроссмейстер атағы ресми түрде берілді.

Нәтижесінде 21 жастағы Бибисара Асаубаева Қазақстан тарихындағы екінші, әлем бойынша 43-ші әйел гроссмейстер атанды. Ол әйелдер арасында үздік нәтиже көрсетіп, қытайлық Чжу Цзиньэрден (2541) бір ұпайға, ал Үндістан құрамасының олимпиада чемпионы Дивья Дешмухтан (2469) бір жарым ұпайға озып кетті. Осы жарыста қазақстандық шахматшы үшінші гроссмейстерлік нормативті орындап, рейтингтік шекті 2500-ден асырды.

Сонымен қатар 14 жастағы Эдгар Мамедов те гроссмейстер атанды. Ол бұған дейін үш нормативті орындап үлгерген еді, ал ФИДЕ рейтингінде 2492 баллмен шектелген болатын. Шарджада өткен Sharjah Masters International Chess Championship 2025 — A турнирінің алғашқы екі турында сенімді өнер көрсетіп, жетіспей тұрған 8 ұпайды жинады.

Осылайша, бірден екі қазақстандық шахматшы гроссмейстерлік атақтың барлық талаптарын орындап, тарихи жетістікке қол жеткізді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button