БАСҚАЛАРЫ
Алматы облысында Қазақстан Республикасының жас жылқылар арасындағы конкур чемпионаты өтеді

26–27 шілде аралығында Алматы облысы, Талғар ауданы, Рысқұлов ауылы, «Almaty horse & polo club» базасында жас жылқылар арасындағы ҚР чемпионаты ұйымдастырылады.
Чемпионат екі күнге созылып, төрт санат бойынша өтеді:
4 жастағы жылқылар,
5 жастағы жылқылар,
6 жастағы жылқылар,
7 жастағы жылқылар.
Кедергілер биіктігі 80 см-ден 130 см-ге дейін болады. Чемпионат аясында еліміздің үздік шабандоздары мен жас тұлпарлары өз шеберлігін көрсетпек.