БОКСТРЕНДТЕ

Бангкокта өтетін жастар арасындағы Азия чемпионатына қатысатын құрама жасақталды

Тайландтың Бангкок қаласында бокстан жастар арасындағы Азия чемпионаты басталуына он күн қалды. Бұл — World Boxing ұйымының 22 жасқа дейінгілер арасындағы алғашқы құрлықтық бәсекесі. Турнирге 26 елден 400-ге жуық спортшы қатысады.

Қазақстан атынан ел намысын қорғайтын құраманы аға бапкер Бақыт Сәрсекбаев жасақтады:

  • 50 кг – Нұрзат Оңғаров
  • 55 кг – Бексұлтан Боранбек
  • 60 кг – Нұрислам Қалдыбаев
  • 65 кг – Илья Калинин
  • 70 кг – Нұрбек Мұрсал
  • 75 кг – Аман Қонысбеков
  • 80 кг – Санжарәлі Бегалиев
  • 85 кг – Азатбек Жолдасхан
  • 90 кг – Темірлан Мұқатаев
  • 90+ кг – Нұрасыл Асылхан

Чемпионат 26 елдің мықтыларын жинап, тартысты додаға айналмақ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button