Спорт Министрі | Әлемнің 40 елінің әскери қызметшілері қазақ күресінен әлем чемпионатына қатысады
КҮРЕС

Әлемнің 40 елінің әскери қызметшілері қазақ күресінен әлем чемпионатына қатысады

14-15 тамыз күндері Астанада алғаш рет әскери қызметшілер арасындағы қазақ күресінен әлем чемпионаты өтеді.

Тарихи дода Халықаралық әскери спорт кеңесінің (CISM) қолдауымен ұйымдастырылып отыр. Бұл ұйым – әлемдегі ең ірі көпсалалы әскери спорттық бірлестіктердің бірі.

Чемпионатты Қорғаныс министрлігінің Спорт комитеті – Армияның орталық спорт клубы мен Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі бірлесіп өткізеді.

Жарысқа шамамен 40 елдің өкілдері қатысады деп күтілуде. Бұл – қазақ күресінің халықаралық деңгейде кеңінен танылып келе жатқанын дәлелдейді. Турнир ұлттық спорт түрін әлемдік спорт картасында ілгерілетудің маңызды қадамы болмақ.

Бәсекелер «Qazaqstan» жеңіл атлетикалық спорт кешенінде өтеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button