БАСҚАЛАРЫ
«Жайық» клубы Непалдың «Help SC» командасынан жеңілді

Мальдив аралдарының астанасы Мале қаласында өтіп жатқан Орталық Азия чемпиондар лигасында Оралдың «Жайығы» күтпеген жерден жеңіліс тапты.
Бұған дейін турнир кестесінде 9 ұпаймен көш бастап келе жатқан Виктор Козиктің шәкірттері «Help SC» (Непал) клубымен кездесуде алғашқы екі партияны жеңіп, 2:0 есебімен алға шыққан еді. Алайда кейінгі кезеңдерде непалдық волейболшылар басымдықты өз қолына алып, матчты 3:2 есебімен аяқтады.
Енді «Жайық» 22 шілдеде қырғызстандық «Бішкекке» қарсы алаңға шығады. Бұл ойын батысқазақстандық команда үшін шешуші болмақ.