Спорт Министрі | Жәмилә Бақбергенова Будапешттегі халықаралық турнирде күміс жүлдегер атанды
КҮРЕСТРЕНДТЕ

Жәмилә Бақбергенова Будапешттегі халықаралық турнирде күміс жүлдегер атанды

Будапештте өтіп жатқан Polyák Imre & Varga János Memorial халықаралық турнирінде қазақстандық балуан Жәмилә Бақбергенова (72 келі) күміс медаль иеленді.

Финалда ол үндістандық Харшита Харшитаға жол берді. Сонымен қатар, қазақстандық Нилуфар Райымова (57 келі) қола жүлдеге қол жеткізіп, ел құрамасының қоржынына тағы бір медаль қосты.

Алдағы күндері бозкілемге Тыныс Дүбек (62 келі), Ирина Казюлина (68 келі) және Эльмира Сыздықова (76 келі) шығады. Одан кейін жарыс грек-рим күресімен жалғасады.

Айта кетсек, бұл турнирге 14 елден 99 спортшы қатысып жатыр. Дүбірлі дода 20 шілдеде аяқталады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button