
Оралдың «Жайық» волейбол клубы Мальдив астанасы Мале қаласында өтіп жатқан Орталық Азия чемпиондар лигасында жеңіс сериясын жалғастырды.
Қазақстандық бапкер Виктор Козиктің шәкірттері жергілікті «HDC» (Мальдив) клубын 3:0 есебімен сенімді жеңді. Бұл «Жайықтың» турнирдегі қатарынан үшінші жеңісі.
Енді батысқазақстандық команда 21 шілдеде «Help SC» (Непал) және кейін «Бішкек» (Қырғызстан) клубтарымен кездеседі. Қорытынды ойындар 23 шілдеде өтеді.