БАСҚАЛАРЫ
Эдуард Ким әртістік жүзуден Сингапурда өтіп жатқан әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

19 шілдеде отандасымыз әртістік жүзуден техникалық соло бағдарламасында сынға түсті.
Сайыс қорытындысы бойынша ол 217.7084 ұпай жинап, 9-орынға жайғасты.
Александр Мальцев (Ресей) 251.7133 ұпаймен алтын медальді жеңіп алды. Испаниялық Деннис Гонзалес екінші орынға ие болды — 241.1667. Қола жүлде Диего Виллалобосқа (Мексика) бұйырды — 238.1600.