
Елордадағы «Барыс» хоккей клубы алдағы маусымға дайындық аясында 12 қазақстандық ойыншымен келісімшартқа қол қойды.
Өткен маусымда команда сапында өнер көрсеткен Бейбарыс Оразов, Кирилл Никитин, Мәди Диханбек, Руслан Оспанов, Семён Симонов, Кирилл Ляпунов және Николай Шульга клубта қалды. Сондай-ақ Джохар Дударкиев, Кирилл Канкин, Әділ Бейсембаев, Асанәлі Русланұлы және Владимир Корчагин жаңа маусымда «Барыс» құрамын толықтырады.
Құрлықтық хоккей лигасының 2025/26 маусымында «Барыс» алғашқы үш ойынды өз алаңында өткізеді:
- 7 қыркүйек – «Трактор» (Челябинск)
- 9 қыркүйек – «Амур» (Хабаровск)
- 13 қыркүйек – «Динамо» (Минск)
Клубтың оқу-жаттығу жиыны 15 шілдеден бастап Астанада өтеді. 26-29 тамыз аралығында команда Магнитогорскідегі халықаралық «Иван Ромазан мемориалы» турниріне қатысады.
Өткен маусымда «Барыс» Шығыс конференциясында 12-орында қалып, 68 ойында небәрі 35 ұпай жинаған еді.