
Он алтыншы жиырма жетінші шілде аралығында Германияның Рейн-Рур өңірінде отыз екінші Дүниежүзілік жазғы Универсиада өтеді. Халықаралық студенттік жарысқа Қазақстан құрамасы жетпіс алты спортшыдан тұрады, олар спорттың он екі түрінен өнер көрсетеді. Сонымен қатар, ұлттық құрама құрамына он сегіз бапкер және алты ресми өкіл кірді.
Туризм және спорт министрлігінің хабарлауынша, турнир бірден Германияның бірнеше қалаларында: Дуйсбург, Бохум, Эссен, Хаген, Мюльхайм, сондай-ақ ел астанасы Берлинде өтеді. Оны Халықаралық студенттік спорт федерациясы (FISU) ұйымдастырады.
Универсиадаға бүкіл әлемнен сегіз бүтін оннан бес мыңнан астам спортшы қатысады. Ол жеңіл атлетика, жүзу, семсерлесу, гимнастика, есу, таэквондо, садақпен ату және басқа спорт түрлерін қоса алғанда, он сегіз спорт түрі бойынша екі жүз отыз төрт марапат ұсынады.
Қазақстан студенттік Универсиадаға бір мың тоғыз жүз тоқсан үшінші жылдан бері тұрақты түрде қатысып келеді. Осы уақыт ішінде қазақстандық спортшылар бірнеше рет халықаралық турнирлердің жүлдегерлері атанды. Екі мың жиырма үшінші жылы Қытайдың Чэнду қаласында өткен отыз бірінші Универсиада ойындарында ұлттық құрама жиырма медальді: екі алтын, жеті күміс және он бір қола медальды жеңіп алды.
Қазақстандық команда ең жақсы нәтижені екі мың он үшінші жылы Қазан қаласында өткен Универсиада ойындарында көрсетіп, отыз жүлдені жеңіп алды.