Спорт Министрі | Су спорты әлем чемпионаты: қазақстандықтар ашық суда жүлдеге іліге алмады
БАСҚАЛАРЫ

Су спорты әлем чемпионаты: қазақстандықтар ашық суда жүлдеге іліге алмады

Сингапурда өтіп жатқан су спорты түрлерінен әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы алғаш болып 10 шақырым қашықтыққа ашық суда жүзуден сынға түсті.

Ерлер арасында Лев Черепанов 30-орынға табан тіресе, әйелдер додасында Дарья Пушко 47-орынмен шектелді. Ал Мария Федотова мәре сызығына жете алмады.

Алтын медальді ерлер арасында Германия өкілі Флориан Велльброк жеңіп алды. Күміс жүлде италиялық Грегорио Пальтриньериге, қола аустралиялық Кайл Лиге бұйырды. Әйелдерде аустралиялық Мойша Джонсон топ жарды, күміс жүлдені италиялық Джиневра Таддеучи, қола медальді Монако спортшысы Лиза Пу иеленді.

Ашық суда жүзуден келесі медальдар жиынтығы 18 шілдеде сарапқа салынады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button